Page 88 - КАЗАК ТИЛИ_4 часть_2019_original
P. 88

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                              ОҚУЛЫҚТАҒЫ ҚИЫН СӨЗДЕРДІҢ

                                           ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.



                    Адырна – қазақ халқының саз аспабы.

                    Акварель – суға тез езілетін өсімдік желімі қосы-

                лып жасалған бояу.


                    Ақиық (ақын) – мұнда: асып туған дарын иесі.

                    Ақыл – адамның ойлау қабілеті, сана-сезім.

                    Алтыбақан – қазақтың ежелгі ұлттық ойыны.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                    Аңызақ аптап – ыстық жел.


                    Бағу – бұл жерде: назар аудару, көңіл бөлу.

                    Балдақ – алтыннан немесе күмістен жасаған көзі

                жоқ сақина.


                    Бас алмау – еш нәрсеге алаңдамау, еш нәрсеге

                назар салмау.

                    Бастау – бұлақ, өзен суының басталатын жері,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                көзі, тұма.

                    Бедер – бір нәрсенің бетіне арнайы салынған сәнді


                із, таңба.

                    Боздау – түйенің зарлы үн шығаруы.

                    Ботадай боздау – егіліп жылау, аңырау.


                    Бұйым – мүлік, жиһаз, дүние, зат; бұл жерде:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                ақыл, білім.



               86
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93