Page 6 - Алгебра 1 бөлім 10 сынып
P. 6

КІРІСПЕ



            Құрметті оқушылар! 10-сыныпта сендер
        алгебра курсын оқуды жалғастырасыңдар.


        10-сынып «Алгебра» оқулығында «Сандар
        тізбегі», «Тригонометрия», «Ықтималдық-


        тар теориясының элементтері» тараулары
        қарастырылған.


            Оқулық 21 параграфтан тұрады, әрбiр
        параграфы теориялық материалды қол-


        дануға арналған мысалдар және олар-
        дың шешiмдерi қарастырылған теориялық


        бөлiктен тұрады. Теориялық материалды
        баяндау барысында өздiгiнен тұжырым-


        дауға (дәлелдеуге) әкелетiн кейбiр тапсыр-
        малар, оқушылардың өз бетiнше жұмыс iс-


        теуiне мүмкiндiк туғызатын өзiндiк бақылау
        сұрақтары берiлген.


            Оқулықтың әрбiр параграфында өткен
        материалды пысықтауға арналған жатты-


        ғулар үш деңгейде ұсынылып отыр. Бiрiншi
        деңгейдегi жаттығуларды (А) барлық оқу-


        шылардың орындауы мiндеттi деп санала-
        ды. Екiншi деңгейдегi жаттығулардың  (В)


                                                                                      5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11