Page 7 - 5.1.1
P. 7
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Алғы сөз special-edu.kz.
Құрметті оқушы, 5-сыныпқа қош келдің!
Міне, біз өзіңмен мектептің жаңа саты-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
сында, негізгі мектеп сатысында кездесіп
отырмыз. Негізгі мектеп – кеше ғана өзің
аяқтаған бастауыш сыныптың жалғасы. Сон-
дықтан өзге де оқу пәндері секілді «Қазақ
тілі» пәні бойынша сен осыған дейін алған
білімдеріңді, меңгерген сөйлеу дағдыларың-
ды одан әрі кеңейтетін боласың.
Жас досым! «Қазақ тілі» сабағының ең
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
басты мақсаты – ана тіліңнің сан алуан сыры
мен қырын үйретуге, сөйлеу шеберлігіңді да-
мытуға, өз ойың мен пікіріңді, көзқарасың-
ды жеткізіп айта білуге қызмет ету. Тіл ту-
ралы, өзіңді қоршаған әлем туралы біліміңді
арттыруға, білігіңді шыңдауға көмектесу де
осы пәннің басты міндеттеріне енеді.
Білім – осынау шексіз ғаламды, қоршаған
дүниені танудың кілті. Ал тіл – сол білімді
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
меңгерудің құралы. Егер дүниені тану үшін
адамға білім керек болса, сол білімді ана тілің
арқылы жинайсың. Тіл арқылы өткеніңді
танисың, бүгініңді бағалайсың, келеше-
гіңді болжайсың. Тіл арқылы ата-бабаңның
құнды мұраларымен танысасың, қарыштап
дамып бара жатқан заманауи ғылым
5
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.