Page 96 - 5.1.1
P. 96
special-edu.kz.
special-edu.kz.
сұрап алатын. Сауынға алған малдың special-edu.kz.
сүтін, май, қаймағын пайдаланып, қысқа
құрт, ірімшігін дайындайды. Сауын
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
тәртібі бойынша, алған адам малдың
күйін төмендетпей және оның төлін де
мезгілінде аман әкеліп тапсыруға кепілдік
береді. Шығын болса, сөз айтпай төлейді.
Сауын алудың ереже, тәртібі осындай,
оған ешкім дау айта алмайды. Ертеректе
кедейлер байлардан сауын алып күн
көрген. Әдет бойынша малы бар адамдар
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
сауын беруге міндетті болған. Бұған ел
ағалары мен ақсақалдары да араласып,
ауқатты кісілерді осындай жәрдемге
шақырып, ықпал етіп отырған. Бұл да
қазаққа біткен қайырымдылық қасиеттің
бір көрінісі екені анық.
(«Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары» кітабынан)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
• Мәтіндегі негізгі ақпаратты беріп тұрған
сөздер қайсысы?
• Қазақ дәстүрінде қайырымдылық қа-
лай жүзеге асқан?
94
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.