Page 162 - Қазақ тілі 7 сынып_1_kniga_04-04-2019
P. 162
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар, special.edu.kz.
Абайлар әрбір сөзді өз халінше.
Шын көңілмен сүйсе екен кімді сүйсе,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бір сөзімен тұрса екен жанса-күйсе.
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,
Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе.
Керек іс бозбалаға талаптылық,
Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің-бірің сөйле сөзін тосып,
Біріңді-бірің ғиззәт, құрмет етіс,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,
Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес...
(Абай Құнанбайұлы)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
160