Page 78 - КАЗАК АДЕБИТИ_2_часть_2019_7 кл_original
P. 78

special.edu.kz.
 special.edu.kz.


                                         Батыр Баян                                              special.edu.kz.


                                       (поэмадан үзінді)


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Ол күндер аз қазақ пен қалың қалмақ,

                 Қыран мен қара құстай алысқан шақ.

                 Баласы алты алаштың Абылайдың

                 Астында ақ туының табысқан шақ.

                 Қазақтың батырлары бәрі қыран,

                 Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап.

                 Жауының бір жорықта бір сұлуын,

                 Ер Баян алып қайтқан артына caп.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Баянның алып қайтқан сол сұлуы –

                 Балдырған бөбек дерлік, он төрт

                                                                          жаста-ақ.



                 Сол сұлу, сұлу екен атқан таңдай,

                 Бір соған бар сұлулық жиылғандай.

                 Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Сөздері су сылдырлап құйылғандай.

                 Бір улап көзқарасы, бір айнытқан,

                 Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.

                 Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі,

                 Кәусардай татқан адам қалар қанбай.

                 Шын ер ғой батыр Баян алып қайтқан.




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             76
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83