Page 87 - КАЗАК АДЕБИТИ_2_часть_2019_7 кл_original
P. 87
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Ақылға алғыр құстай ашу төнді. special.edu.kz.
Бір көксұр түс енгізіп бар денеге,
Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ақыры ашу елді билеп кетіп,
Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.
Өлді ақыл. Атып тұрып батыр Баян,
Боз үйден оқ жыландай шыға келді.
Ер Баян сол кеткеннен кете барды,
Мініп aп белдеудегі көк тұлпарды.
Дулыға, қалқан, көбе қалған ұмыт,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Белінде жалғыз-ақ бір садақ бар-ды.
Бауырынан Обағанның орғып өтіп,
Арыстан айдалада дүбір салды.
Дауылдай талмай есіп, желдей ұшып,
Түс ауа Жолдыөзекке жетіп қалды.
Кермиық Жолдыөзектің даласында
Алыстан екі қараны көзі шалды...
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Алыстан екі қара көрді Баян,
Кілегей қара бұлттай төнді Баян.
Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр
екпін боп,
Сұңқардай сорғалаған келді Баян.
Қыз түгіл, қаны бірге өз бауырын
Танымай қалғандай да болды Баян. 85
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.