Page 185 - Геометрия 7 сынып_KZ_original_I BOLIM_2019
P. 185
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Катет – тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш special.edu.kz.
жасап тұрған қабырғалары.
Кесінді – түзудің берілген екі нүктесі мен
олардың арасында жатқан барлық нүктелерінен
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тұратын бөлігі.
Кесіндінің ортасы – кесіндіні тең екі бөлікке
бөлетін нүкте.
Кесіндінің орта перпендикуляры – кесіндіге
перпендикуляр және оның ортасы арқылы
өтетін түзу.
Кесіндінің ұзындығы – бірлік кесіндіні беріл-
ген кесіндінің бойынан неше рет орналастыруға
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
болатынын көрсететін оң сан.
Көлбеу – берілген нүктеден берілген түзуге
жүргізілген кесінді.
Негізгі ұғымдар – анықтамасыз қабылда-
натын ұғымдар.
Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық – пер-
пендикулярдың ұзындығы.
Нүктелердің геометриялық орны – беріл-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ген қасиетті немесе бірнеше қасиетті қана-
ғаттандыратын барлық нүктелерден тұратын
фигура.
Параллель түзулер – бір жазықтықта жат қан
және ортақ нүктесі болмайтын түзулер.
Перпендикуляр – берілген нүктеден беріл ген
түзуге түсірілген кесінді. 183
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.