Page 14 - 1.4
P. 14

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          дағдысын қалыптастыру. Алғашқы онға дейінгі сандарды
          оқыту 0–1-сыныптарда қарас тырылады. Алдымен алғашқы
          5  саны,  0  саны,  содан  соң  қалған  10-ға  дейінгі  сандар
          үйретіледі. Оқушылар сонымен қатар шармен, текшемен
          танысып  және  заттың  бағасы  туралы  бірнеше  мәлімет-
          тер  алады.  Жұмыс  уақыт  өлшемдерімен  таныстырудан
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          басталады (кеше, бүгін, ертең, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,
          бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі). Материалдарды оқыту,
          негізінен, көпшілік теориясы мен сандар теориясын оқы-
          тумен жүргізіледі. Сандармен танысқанға дейін бала лар
          көп  заттарды  бір-бірінен  ажыратып,  олармен  әртүрлі
          операциялар істей білуі керек. Екі топтан көпшілік құру керек,
          көптіктің бөлігін бөлу, көптікті салыстыру. Алғашқы онға
          дейін гі сандарды оқи отырып, балалар натурал сандардың
          құрылу тәртібін үйренеді. Олар санға бір санды қосу арқылы
          келесі натурал санның пайда болатынын оқып үйренеді,
          яғни әрбір сан алдындағы натурал қатардағы сандардан
          үлкен және артындағы натуралды қатардағы сандардан
          кіші екенін біледі.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Алғашқы  ондықты  үйренудегі  барлық  жұмыс  прак ти-
          калық жаттығулар негізінде жүргізіледі. Балалардың сан
          және есеп туралы түсініктерін қалыптастыруда, негізінен,
          практикалық сабақтар көбірек көмектеседі. Іс-жүзінде ба-
          лалар істеген бұйымдарын бір-бірінен көріп ажыратады,
          салыстырады, әр заттың өзіндік қасиетімен (түсімен, жасалу
          сапасымен, пішіні, санымен) көп заттың қатарлық қатынасын
          ажыратады. Мысалы, «Мен бірінші болып ұшақ жасадым»,
          «Мен  екінші  гүлді  айналдыра  қиып  жатырмын».  Оларға
          бұл заттарды бірнеше рет қайталап және бірлесіп істеуге
          тура келеді. Мысалы, ойыншық шәйнек жасауда әуелі кіші
          шәйнек, содан соң үлкен шәйнектер қиылады. Сөйтіп бәрі
          бірге саналып, бірнеше шәйнек болып есептеледі немесе
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          қағаздан жасалған ұшақтардың сапасына қарап, ең жақ-
          сысын таңдап алуды үйренеді.
            Алғашқы  он  көлеміндегі  сандарды  оқыту  заттарды
          салыстырудан басталады. Бір заттан тұратын элементтерді
          «бір» деп белгілеп, басқа көпшілікті «көп» деп белгі лейміз.

          12
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19