Page 101 - 2.1.1
P. 101
special-edu.kz.
10-тапсырма. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мәтінді оқы. Көшіріп жаз.
Сан есімдерді теріп жаз, оларға сұрақ қой.
Сан есімдерді салыстыр. Бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Біз он қабатты үйде тұрамыз. Менің пәтерім жетінші қабатта
орналасқан. Пәтерімнің нөмірі – алпыс сегіз. Үйде төрт адам
тұрамыз. Мен отбасымда екінші баламын. Әпкемнің жасы он
алтыда. Ол оныншы сыныпта оқиды.
Сан есім есептік және реттік болып бөлінеді. Қанша?
неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік
сан есім дейміз. Мысалы: бес, жеті, он.
Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
сан есім дейміз: екінші, жетінші, оныншы. Реттік сан есім
есептік сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары
жалғану арқылы жасалады.
11-тапсырма.
Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыр.
Есептік сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтарын тіркеп
көшіріп жаз.
Екі қала – екінші қала
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Үш орын – ... орын
Бес қабат – ... қабат
Жеті сынып – ... сынып
12-тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.
Неше? қанша? Нешінші?
Екі – екі бала Бір – бірінші көше
үш – ...
Бес – ...
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
алты – ...
Жеті – ...
99