Page 105 - 2.1.1
P. 105

special-edu.kz.




        5-тапсырма.                        special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Өлеңді жаттап ал.
            Қарамен жазылған сөздерге назар аудар!

                      Туған өлке
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                Алтын дәнді даласы бар,
                Ақ күмістей қаласы бар.
                Неткен сұлу, неткен көркем,
                Осы – менің туған өлкем!


                                        (Ө. Тұрманжанов)


                Тiлде мағыналары бiр-бiрiне жуық, өзара мәндес сөздер
           бар. Мысалы: сыртқы пiшiнге, бейнеге қатысты әдемi деп
           те, көркем деп те, сұлу деп те айтуға болады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                Сондай-ақ,  уақыт  дегеннiң  орнына  ыңғайына  қарай
           мезгiл, мерзiм немесе кез деген сөздердiң бiреуiн қолданып
           айта  беремiз.  Бұл  сөздердiң  дыбысталуы  әртүрлi,  бiрақ

           мағыналары бiр-бiрiне  жақын және ұқсас сөздер.

        6-тапсырма.

               Мағыналары жақын сөздерді көшiрiп жаз.
             1.  Әдептi  бала,  тәртiптi  бала.  2.  Ер  жiгiт,  батыр  жiгiт.
        3. Алыс ауыл, қашық ауыл. 4. Әдемi қыз, көрiктi қыз, сұлу

        қыз. 5. Ауру адам,  науқас адам. 6. Салқын жел, суық жел.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        7-тапсырма.
               Мағыналары жуық, өзара мәндес сөздерді жақша iшiндегi сөздердiң

        лайықтысымен тiркестiрiп  жаз.
             1. Қысқа, келте, шолақ (тон, жiп, жең). 2. Мықты, берiк,

        күштi (ағаш, адам, жылқы). 3. Кәрi, қарт (ешкi, адам).

        8-тапсырма.
            Өлеңді жаттап  ал.
            Қарамен жазылған  сөздердің  астын сыз.

             Отан – сенiң ата-анаң,
                                                           Отан – өлкең, астанаң,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                                                           Отан – аудан, ауылың.
             Отан – досың, бауырың.
                                                                       (Б. Ысқақов)

                                                                                                      103
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110