Page 86 - 2.1.1
P. 86
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Заттың сынын білдіретін сөздер special-edu.kz.
1-тапсырма.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мәтінді оқы.
Заттың сынын, түсін, көлемін білдіретін сөздерді тап.
Аулада бір топ бала ойнап жүр. Аула кең және таза.
Жарқынның әдемі ойыншық машинасы бар. Ол ешкімге
қосылмайды. Жеке ойнайды. Оның іші пысты. Ойнағысы
келмейді. Оның жанына Ермек келді. Ол кішкентай күрегін
Жарқынға берді. Алмас құм тиейтін қызыл кранын берді. Енді
барлығы бірігіп ойнады. Балалармен бірге ойнау жақсы екен.
(С. Тұрдалиев)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын
есім дейміз. Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар
қойылады. Мысалы: әдемі, кең, сары, таза, үлкен.
2-тапсырма.
Сын есімдер қатарын тап.
1. Мектеп, сынып, парта, сары, тақта.
2. Піл, аю, арыстан, қоңыр, қоян.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
3. Балапан, тауық, әтеш, ақ, үйрек.
4. Терең, кең, сары, үлкен, қызыл.
3-тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Қарамен жазылған сын есімдерге сұрақ қой.
Мың құбылды қырдағы Әнші аспанда қалқып тұр,
Әннің әсем ырғағы. Әуеледі шалқып жыр.
Күміс қанат бозторғай Жусанды кең даланың
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Күнді мақтап жырлады.
Жұпар иісі аңқып тұр.
(Ә. Табылдиев)
84