Page 90 - 2.1.1
P. 90

special-edu.kz.




             15-тапсырма.                  special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                     Мәтінді  оқы.  Заттың  түсін,  түрін  білдіретін  сөздерге  сұрақ  қой.
             Көшіріп жаз.

 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                  Меруерт  табиғат  көрінісін  салмақшы  болып  қара  қарын-
             дашын алды. Салған суреттері біртүрлі көңілсіз, солғын болып

             шықты.

                  Меруерт  терезеден  қарады.  Жаңбыр  басылыпты.  Көгілдір
             аспанда  әдемі кемпірқосақ  пайда болыпты. Ол қолына  түрлі

             түсті қарындаштарды алды.


             16-тапсырма.
                 Мәтінді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                  Алмат  үзілісте  асханаға  барды.  Онда  дәмді  тағамдар  пісі-
             рілген.  Алмат  өзіне  қызыл  борщ,  тәтті  тоқаш  пен  бір  кесе

             күрең  шай  алды.  Оның  досы  Самат  та  түрлі  тағамдар  алды.

             Балалардың бәрі көңілді. Олар аспазшы апайға рақмет айтты.

             17-тапсырма.

                    Сын есімдерді білдіретін сөздерді мағынасына қарай топтап жаз.


                  Үлгі:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                  Заттың түсі: ақ, ... , ... .

                  Заттың көлемі:  қысқа, ... , ... .
                  Заттың сапасы: таза, ... , ... .

                  Заттың дәмі: тәтті, ... , ... .
                  Заттың пішіні: дөңгелек, ... , ... .



                  Ақ,  қысқа,  ала,  таза,  қалың,  биік,  қызық  суық,  жүйрік,

             тегіс, тәтті, жалпақ, арық, тұщы, ащы, дөңгелек, сопақ, аласа.

 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.






             88
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95