Page 108 - 2.3.1
P. 108

special-edu.kz.




                   Түсініп оқы.            special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                                           Кешкілікте


                 Қалың жыңғыл. Майгүл мен Кәмила бұзау іздеп жүр. Кенет
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             бір нәрсе сытыр ете қалды.
                 –  Ойбай,  қасқыр!  –  деді  Майгүл  көзі  бақырайып.  Екеуі

             шұңқырға  бұғып  жата  кетті.  Сытырлаған  дыбыс  жақындай
             түсті. Тап қастарына таяды. Жыңғыл арасынан қызыл бұзау

             мөңіреп  шыға  келді.  Екеуі  қуанғандарынан  күліп  жіберді.
             Қызыл бұзаудың мойнынан құшақтай алды.

                                                                                             (Б. Тұралиев)

                      жыңғыл – қалың ағаш
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                      кенет – күтпеген, ойламаған жерден



                      1. Майгүл мен Кәмила не іздеді?
                      2. Олар кенеттен не естіді?
                      3. Майгүл қорқып не деді?
                      4. Екеуі не істеді?

                      5. Жыңғыл арасынан не шықты?
                      6. Екеуі қуанғаннан не істеді?


                       Буындап оқы, бөлмей оқы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Жың-ғыл а-ра-сы-нан қы-зыл бұ-зау мө-ңі-реп шы-ға кел-ді.
             Е-ке-уі қу-ан-ған-нан кү-ліп жі-бер-ді.



                       Асықпай оқы. Байқа, қателеспе.

                       кеш-кі-лік-те                         бұ-зау                        із-де-ді



                                               Жұмбақ
                                        Екі айнасы бар.
                                        Екі найзасы бар,
                                           special-edu.kz.
 special-edu.kz.                        Бір желпеуіш сияғы бар.                                  special-edu.kz.
                                        Сыртылдаған тұяғы бар,




             106
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113