Page 110 - 2.3.1
P. 110
special-edu.kz.
Түсініп оқы. special-edu.kz. special-edu.kz.
Малдың тілін баққан біледі
Ыдырыстың құлағына қозының маңыраған даусы естілді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Апа, қозы неге маңырап тұр?
– Қарны ашқан шығар.
Ыдырыс қозыға емізікпен сүт берді.
Бірақ қозы маңырауын қоймады. Ыдырыс апасына келді.
– Апа, қозыға не болды?
– Аяғына тікен кірген шығар.
Ыдырыс қозының аяғын қарап, қадалған тікенді жұлып
тастады. Қозы көп ұзамай тыныштала бастады.
Біраз күн өткеннен кейін қайтадан қозының маңыраған
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
даусы естілді.
– Апа, қара қозы тағы да маңырап тұр.
– Ойнағысы келген ғой.
Ыдырыс қара қозымен жарысып ойнады.
– Апа, сіз барлық малдың тілін білесіз бе? – деді ол.
– Білемін, – деп жауап берді анасы.
– Қалай білесіз?
– «Малдың тілін баққан біледі» деген сөз бар. Мен көп жыл
мал бақтым. Зер салып қарап жүрсең, сен де түсінетін боласың, –
деді апасы.
special-edu.kz.
special-edu.kz. special-edu.kz. (М. Төрежанов)
Содан бері Ыдырыс ата-анасына үнемі көмектесіп жүретін
болды.
* малдың тілін – малдың жайын
зер салып – жақсылап қарасаң
? 1. Ыдырыс шешесінен не деп сұрады?
2. Апасы не деді?
3. Тағы не деп сұрады?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Апасы не деп жауап айтты?
5. «Малдың тілін баққан біледі» дегенді қалай түсінуге болады?
108