Page 115 - 2.3.1
P. 115
special-edu.kz.
Түсініп оқы. special-edu.kz. special-edu.kz.
Көктем
Наурыз, сәуір, мамыр айлары «көктем айлары» деп аталады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Қар еріп, күн жылынып, сай-салаға су толады. Қыс бойы
қатып жатқан өзен, көлдердің мұздары ериді. Жылы жаққа
кеткен құстар ұшып келеді.
Көктемде егін, бақшалар егіледі. Қыс бойы інінде ұйықтап
жататын жәндіктер тіріледі. Шөп шығып, жер беті гүл-
бәйшешекпен толады.
Қыс бойы қысылған жан-жануардың бәрі де бой жазып,
төлдеп, масайрайды.
Адамдар қыста киетін жылы киімдерін тастап, жеңіл
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
киімдерін киеді.
қысылған – қиналған
масайрайды – қуанады
бой жазып – еркіндеп
1. Көктемде не ериді?
2. Өзен-көлдердегі су қайтеді?
3. Құстар қайдан келеді?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Көктемде не егіледі?
5. Жәндіктер, жануарлар не істейді?
6. Адамдарда қандай өзгерістер болады?
Буындап оқы, бөлмей оқы.
Қар е-ріп, сай-ға су то-ла-ды.
Құс-тар ұ-шып ке-ле-ді.
Жән-дік-тер ті-рі-ле-ді.
Асықпай оқы. Байқа, қателеспе.
special-edu.kz. қар е-ри-ді күн жы-лы-на-ды special-edu.kz.
special-edu.kz.
113