Page 120 - 2.3.1
P. 120

special-edu.kz.




                   Түсініп оқы.            special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                                                     Маңдай тер


                 Атасы Хамитті ертіп үй жанындағы бақ ішінде жеміс ағашын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             егіп жүрді.

                 – Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады Хамит.
                 Атасы ойға шомды. Содан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет

             алып жүрген тоғайға келді. Қолына күрек ұстатты:
                 – Кәне, екі-үш көшет қазып ал!
                 Хамит көшетті қазып алып, өзі отырғызды, пора-пора болып

             терледі.
                 Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма

             мен жүзім мол жеміс  берді. Күзде атасы Хамитті ертіп бақ
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты.
                 – «Маңдай тер» деген – осы, Хамитжан. Бұл – өзіңнің маңдай

             теріңнің жемісі!
                 Хамит атасын құшақтай алды.

                                                                                              (Б. Досымов)



                      ойға шомды – ойлады

                      көшет – жас тал
                      пора-пора болып терледі – денесі су болып терледі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                      мол – көп



                      1. Бала мен қария бақта не істеп жүр?

                      2. Хамит не деп сұрады?
                      3. Атасы Хамитті қайда алып келді?
                      4. Бала не қазып алды?
                      5. Оны қайда екті? Неліктен терледі?

                      6. Жылдар өткен соң көшеттер неге айналды?
                      7. Ол ағашта не өсті?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                      8. Атасы Хамитке не деді?
                      9. «Маңдай тер» дегенді қалай түсінесің?



             118
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125