Page 124 - 2.3.1
P. 124

special-edu.kz.




                   Түсініп оқы.            special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                                                    Наурызкөже


                 Нұрман ақсақал үйден шықты. Қасында – немересі Нартай.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             Нартай дағдылы әдетіне басты.

                 – Ата, біз қайда барамыз? – болды бірінші сұрағы.
                 – Наурызкөже ішуге. Омар атаның үйіне, – деді атасы.

                 – Ата, «Наурызкөже» деген не?
                 – «Наурызкөже» деген – жеті түрлі дәмнен дайындалатын
             көже.

                 – Біздің үйде наурызкөже жоқ па?
                 – Қазір жоқ, бірақ ертең болады.

                 – Ертең оны кім пісіреді?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Әжең пісіреді.
                 – Ата, наурызкөжені неге ішеміз? – деді Нартай.

                 –  Наурызкөже  ішкен  соң,  ескі    жыл  бітіп,  жаңа  жыл
             басталады. Сол үшін ішеміз.
                 Мына  сөзден  соң  Нартай  Омар  атаның  үйіне  қарай  асыға

             түсті.

                                                                                             (С. Нұғыман)


                      дағдылы – қайталана беретін әдет
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.


                      1. Нұрман ақсақал  Нартаймен қайда баруға шықты?
                      2. Нартай атасына қандай сұрақтар  қойды?

                      3. Наурызкөжені  қанша түрлі дәмнен дайындайды?
                      4. Наурызкөжені ішкен соң не болады?

                      Атасы мен Нартайдың сөзін рөлге бөліп оқы.



                       Буындап оқы, бөлмей оқы.

 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Нау-рыз-кө-же  іш-кен  соң    ес-кі    жыл  бі-тіп,  жа-ңа  жыл
             бас-та-ла-ды.



             122
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129