Page 128 - 2.3.1
P. 128

special-edu.kz.




                   Түсініп оқы.            special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                                                        Қуаныш

                 Көптен  күткен  жазғы  демалыс  та  басталды.  Азамат  соған
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             қуанышты.  Әкесі  екеуі  Нұр-Сұлтан  қаласына  барды.  Оларды
             вокзалдан нағашысы күтіп алды.
                 Мәшинеге отырып жатып, нағашы ағасы:

                 – Азамат, ержетіп қалыпсың, нешінші сыныпта оқисың? –
             деп сұрады.

                 – Екінші сыныпты бітірдім.  Күзде үшінші сыныпқа барамын, –
             деді ол.
                 Мәшине Нұр-Сұлтан көшесінде зулатып келеді. Көшелері кең,

             таза, әдемі үйлер көп екен. Нағашысы  Азаматты «Бәйтерек
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             монументіне»  алып  барды.  Одан  кейін  «Теңіз  саябағына»,

             «Хан  шатырға»  барды.  Президент  сарайын  көрді.  Кешкісін
             Есіл өзенінде қайықпен қыдырды.
                 Үйге  келген соң нағашы ағасына Азамат:

                 – Аға, бүгінгі түскен суреттердің бәрін шығарып беріңізші.
             Барғанда  достарыма  Нұр-Сұлтанның  әдемі  қала  екенін  көрсе-
             тейін, – деді.



                      нағашы – анасы жағынан туыс адам
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                      1  Азамат не үшін қуанды?
                      2. Әкесі екеуі қайда барды?
                      3. Оларды кім күтіп алды?
                      4. Нағашысы не деп сұрады?
                      5. Азамат не деп жауап берді?
                      6. Нұр-Сұлтан қаласының көшелері қандай екен?
                      7. Азамат қай жерлерге барып қыдырды?

                      8. Нағашы ағасына бала не деді?

                       Буындап оқы, бөлмей оқы.                       Нұр-Сұл-тан      Е-сіл
                                                                                                 special-edu.kz.
 special-edu.kz.                          Хан шатыр                   Нұр-Сұлтан      Есіл
                                           special-edu.kz.
                                          Хан ша-тыр
                 Бәй-те-рек
                 Бәйтерек

             126
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133