Page 138 - 2.3.1
P. 138
special-edu.kz.
Түсініп оқы. special-edu.kz. special-edu.kz.
Сүйінші
Болат ауладағы жеміс ағаштарының түбін қопсытып жүр.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Тоқтаған мәшиненің дауысы естілді. Мәшинеден әскерде
жүрген ағасы Асылбек түсіп жатыр екен.
Болат қора жақта жүрген атасына жүгірді:
– Ата, ата! Сүйінші! Асылбек ағам келді!
Екі жыл бойы сағынған Асылбекті көріп, үй іші қуанып
қалды. Кешкісін атасы қалтасынан ақша алып, Болаттың
әкесіне ұсынды.
– Болатжан сүйінші сұрап еді. Асылбек аман-есен оралды.
Жақсы хабарға сүйінші беру керек. Мына ақшаға ертең Болатқа
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
велосипед әкеліп берші, – деді ақсақал баласына.
Жақсы, қуанышты хабарға «сүйінші» беру – халқымыздың
дәстүрлерінің бірі.
1. Болат бақшада не істеп жүрді?
2. Ол кімді көрді?
3. Атасына не деді? Сол жерді тауып оқып бер.
4. Кешкісін атасы Болаттың әкесіне ақшаны не үшін берді?
5. Жақсы, қуанышты хабар айтқан кісіге не беру керек?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Буындап оқы, бөлмей оқы.
А-сыл-бек а-ман-е-сен о-рал-ды. Жақ-сы ха-бар-ға сү-йін-ші
бе-ру ке-рек.
Асықпай оқы. Байқа, қателеспе.
жақ-сы ха-бар-ға сү-йін-ші Бо-лат-қа
беру
бер-ші
ә-ке-ліп
ве-ло-си-пед
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
136