Page 142 - 2.3.1
P. 142
special-edu.kz.
Түсініп оқы. special-edu.kz. special-edu.kz.
Атаның ақылы
Алматы қаласының Орталық саябағы маусым айы кезінде
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
жайқалып тұр.
Бес жасар Бектай атасымен бірге бақ аралап, әткеншек тепті,
серіппеде секіріп ойнады. Бір кезде ол:
– Ата, шөлдедім, – деді.
– Шөліңді қандыр, – деп, оған алма шырынын сатып әперді.
Бектай құтыдағы тәтті алма шырынын ішіп алды да:
– Ата, балмұздақ жегім келеді, – деп ентіге сөйледі.
Атасы Бектайға балмұздақ сатып әперді де:
– Балам, балмұздақты көп жеме, тамағың ауырып қалады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Әр нәрсенің шамасы бар. Қанағат керек, – деп ескертті.
– Ата, «қанағат» деген не? – деп сұрады.
– Балам-ау, «қанағат» деген – әр нәрсенің шамасын біліп,
соған риза болу. Қанағат қылмай не болса соны талғамай іше
берсең, ауырып қаласың, – деп, атасы ақыл айтты.
– Онда... Мақұл! – деп, Бектай ойланып қалды.
Атасының ақылын түсініп, айтқанын істеген Бектай бақта
көңілді сейілдеп, жақсы демалды. (Ә. Табылды)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Бектай атасы екеуі қайда қыдырды?
2. Ол не сұрап ішті?
3. Тағы не жегім келеді деді?
4. Атасы оған қандай ақыл айтты?
Сол жолдарды тауып оқып бер.
5. Бектай атасының ақылын тыңдады ма?
Буындап оқы, бөлмей оқы.
Қа-на-ғат – әр нәр-се-нің ша-ма-сын бі-ліп, со-ған ри-за
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бо-лу.
140