Page 144 - 2.3.1
P. 144
special-edu.kz.
Түсініп оқы. special-edu.kz. special-edu.kz.
Ал-ма
Ауыл шетінде бір қария тұратын. Оның алма бағы бар еді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Думан мен Дастан көше бойымен келе жатып, бақ жанына
аялдады.
Осы кезде Дастан екі-үш алманы жұлып алды да, бір-бір
тістеп лақтыра салды.
Сосын:
– Тү-у... қандай қышқыл еді! – деді тыжырынып.
Думан досына қарап:
– Сұрамай алған жемістің дәмі тәтті болмайды. Әбден піс-
кенде атай алмасын өзі де беретін еді ғой, – деді ренжіп.
special-edu.kz.
special-edu.kz. special-edu.kz. (Г. Әзірбаева)
Дастан дұрыс емес әрекет жасап алғанына қатты қынжылды.
тыжырынып – тітіркеніп
қынжылды – өз ісіне ренжіді
1. Ауыл шетінде кім тұратын?
2. Думан мен Дастан қай жерге келіп тоқтады?
3. Дастан қандай әрекет жасады?
4. Думан Досына не деді?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
5. Дастан неліктен ұялды?
Буындап және қосып оқы.
Сұ-ра-май ал-ған же-міс-тің дә-мі тәт-ті бол-май-ды. Әб-ден
піс-кен-де а-тай ал-ма-сын өзі де бе-ре-тін еді.
Асықпай оқы. Байқа, қателеспе.
ал-ма-ны тіс-теп лақ-тыр-ды
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
142