Page 146 - 2.3.1
P. 146
special-edu.kz.
Түсініп оқы. special-edu.kz. special-edu.kz.
Дастарқан басында
Ажар апам түс кезінде дастарқан жайды. Дастарқанға балдай
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бауырсақ, жент, құрт, мейіз, ірімшік қойылды.
Төрт жасар Төкен төргі бөлмеде демалып жатқан Жақып
атамды асқа шақырды:
– Ата, асқа келіңіз,
Батаңызды беріңіз,– деді ол тақпақтап.
Бәріміз орнымыздан тұрып, атамыздың асқа отыруын күттік.
Атам дастарқан басына отырып:
– Ас берекелі болсын!... Алыңдар, күндерім! – деп, астан алды.
Ажар апам алдымызға буын бұрқыратып үйме табақ палау
қойды.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Ас ішіп болған соң, бәріміз апама рақметімізді айттық.
– Рақмет, апа, ас татымды болды.
– Палауыңыз балдай тәтті болды, тойдық, апа!
Соңынан атам:
– Ас сіңімді болсын,
Өмірлерің мерекелі болсын! – деп батасын берді.
(Ә. Табылды)
1. Кім дастарқан жайды?
2. Дастарқанға қандай тамақтар қойылды?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
3. Төкен атасын дастарқанға қалай шақырды?
4. Жақып ата дастарқанға отырған соң не деді?
5. Астан кейін балалар апасына ризалықтарын қалай айтты?
6. Атасы не деп бата берді?
Буындап оқы, бөлмей оқы.
А-та, ас-қа ке-лі-ңіз,
Ба-та-ңыз-ды бе-рі-ңіз.
Асықпай оқы. Байқа, қателеспе.
special-edu.kz. special-edu.kz. і-рім-шік
special-edu.kz.
ме-йіз
ба-уыр-сақ
жент
144