Page 80 - 2.3.1
P. 80
special-edu.kz.
Түсініп оқы. special-edu.kz. special-edu.kz.
Әсия
Әсия әдемі ойыншықты ұзақ іздеді, таба алмады. Ойыншық-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
тар салынған қорапта да жоқ. Әсияның жылағысы келіп кетті.
Тағы бір ой орала кетті. «Мүмкін Алма алған болар?» – деп,
ішігін желең кие салған Әсия Алманың үйіне асықты. Әсияның
келгеніне Алма қуанып қалды.
– Жоғары шық, ішігіңді шеш, – деді.
– Үйде сенен басқа ешкім жоқ па? – деп сұрады Әсия.
– Ешкім жоқ.
– Папаң, мамаң, әжең қайда? Мұрат ше?
– Папам алыс ауданға жұмыспен кеткен, орала алмай жатыр.
Ал мамамды ауырған соң «Жедел жәрдем» алып кетті.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Жүр, Алма, біздің үйге барайық. Жаңа жылды бірге қарсы
алайық, – деді.
Екі дос жылдам киініп Әсияның үйіне келді. Алма біртүрлі
қысылып, Әсияға терезе алдында сынып жатқан ойыншықты
көрсетті.
– Әсия мен ...байқамай сындырып алдым....
– Қойшы, Алма. Жаңа жылда ренжуге болмайды, – деді.
желең кие салған – түймелемей, ішінен жылы киім
кимей кию
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қысылып қалды – ұялып қалды
ішік – тон, қалың күрте
1. Әсия нені ұзақ іздеді?
2. Әсия неге Алманың үйіне келді?
3. Әсияға ол ойыншық неге керек болды?
4. Алма неге үйінде жалғыз қалды?
5. Әсия Алманы неге үйіне ертіп келді?
6. Алма не үшін қысылып біртүрлі болды?
7. Жаңа жылда не істеуге болмайды деді Әсия?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
8. Сен шыршаларыңды қандай ойыншықтармен безендірдің?
Рөлге бөліп оқыңдар.
78