Page 84 - 2.3.1
P. 84

special-edu.kz.




                   Түсініп оқы.            special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                                                 Мұз айдынында


                 Бір  топ  бала  іске  жұмыла  кірісіп,  сырғанақ  тебетін  мұз
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             айдынын  жасап  жатты.  Топ  баланың  ішінде  Ақан,  Ақат,
             Сәулелер  де  бар  еді.  Олар  алаңның  қарын  күреп,  тегістеді.

             Сәуленің әкесі су таситын  мәшинемен бірнеше рет су әкеліп

             құйды. Су қатқаннан кейін жалтыраған мұз айдыны болды да
             шықты. Асан бұл жұмысқа араласа алмады. Ол сырқаттанып
             қалып еді.

                 Мұз айдыны  дайын болды. Балалар конь-ки-ле-рін аяқтарына

             байлап, сырғанақ тебуге кірісті.
                 Одан кейін екі топ құрып, хок-кей ойнамақшы болды. Асан
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             да бір топқа қосылмақ болып еді, Ақан:

                 – Бұл  мұз айдыны сенікі емес, сен ештеңе жасаған жоқсың,

             сені ойынға қоспаймыз!  – деп міңгірледі.
                 –  Асан,  бізге  кел!  Бір  топта  ойнаймыз.  Бұл  мұз  айдыны
             бәрімізге ортақ, көптікі! – деді Сәуле.

                                                                                          (М. Төрежанов)



                      жұмыла – бірлесіп, топтасып
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                      алаң – жазық жер, бос жер
                      сырқаттанып – ауырып




                      1. Бір топ бала не істеді?
                      2. Олар бірінші немен айналысты?

                      3. Кім су әкеліп құйды?
                      4. Асан бұл жұмысқа араласты ма?
                      5. Не себептен?
                      6. Мұз айдыны әзір болған соң балалар не істеді?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                      7. Ойнағысы келген Асанға Ақан не деді?
                      8. Сәуле не айтты?



             82
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89