Page 87 - 2.3.1
P. 87
special-edu.kz.
Түсініп оқы. special-edu.kz. special-edu.kz.
Су-ға салған шыбықтар
Далада әлі суық. Маңайдың бәрінде қар жатыр. Теректер
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
жалаңаш, қарайып тұр. Балалар қармен жүріп ағаштардың
жанына келді. Бұталардың әр жерінде бүршіктер көріне
бастапты. Жерде желден сынған шыбықтар түсіп жатыр екен.
Балалар оны жинап сыныпқа алып келді де, шыны ыдыстың
ішіне салып, су құйып қойды. Шыны ыдыстағы суды үш
күнде бір ауыстырып отырды. Балалар күн сайын шыбықтың
бүршік атуын бақылап жүрді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бүршік – ағаш бұтағынан шығып келе жатқан жапырақ
шыбық – ағаштан сынып түскен кішкене бұтақ
1. Ақпан айында ағаштардың жапырақтары бола ма?
2. Балалар ағаш бұтақтарындағы қандай өзгерістерді байқады?
3. Балалар сынған шыбықтарды не істеді?
4. Сен де шыбықтарды суы бар ыдысқа салып қойып,
шыбықтардағы өзгерістерді күнде бақылап жазып жүр.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Буындап оқы, бөлмей оқы.
Ба-ла-лар шы-бық-ты жи-нап а-лып, сы-нып-қа а-лып кел-
ді. Ба-ла-лар күн са-йын шы-бық-тың бүр-шік а-ту-ын ба-қы-
лап жүр-ді.
Асықпай оқы. Байқа, қателеспе.
а-ғаш шы-бық-та-рын ә-кел-ді
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
85