Page 41 - 2.5.1
P. 41
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Менің отбасым special-edu.kz.
Өлеңді оқы.
Атамнан басталар, Әкем мен анам бар,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Бір туған ағам бар,
Әжеммен қосталар.
Бір туған әпкем бар –
Отбасым мыналар –
Ең жақын адамдар:
Бәрін жақсы көремін!
Тыңда.
Менің отбасым бар. Менің отбасымда жеті адам. Олар – менің
анам, әкем, атам, әжем, ағам, қарындасым және мен. Менің
анамның аты – Алма. Менің анам мейірімді және әдемі. Менің
анам тамақ дайындайды және бөлмелерді жинайды. Біз ағам
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
екеуміз дүкеннен тамақ сатып әкелеміз. Менің әкемнің аты –
Арман. Ол мұғалім болып істейді. Біз әкемізбен бірге жиі циркке
барамыз. Атаммен және әжеммен саябақта қыдырғанды жақсы
көреміз. Менің ағам 6-сыныпта оқиды. Менің қарындасым
балабақшаға барады. Біз отбасымызбен саяхаттағанды жақсы
көреміз. Мен отбасымды жақсы көремін!
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Суретке қара. Отбасы мүшелерін ата.
Өз отбасың туралы айтып бер. Сенің ата-анаңның аттары кім? Сенің
отбасыңда неше адам бар?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Сенің әкең қайда жұмыс істейді? Сенің анаң қайда жұмыс істейді?
Ағаларың мен әпкелерің туралы айтып бер. Отбасы деген не?
39