Page 46 - 2.5.1
P. 46

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                             Ана – ең жақсы дос                                  special-edu.kz.

                     Тыңда.


                  Жер бетінде ең тамаша сөз  – «Ана» сөзі. Бұл адамның ең
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             бірінші айтатын сөзі. Ананың қолы да, жүрегі де жұмсақ. Оның
             қолынан бәрі келеді. Ананың жүрегі мейірімге толы, ол сені

             өмір бойы жақсы көреді. Сенің жасың нешеде болса да, саған
             ана керек, ана мейірімі керек. Сенің анаға деген махаббатың
             қаншалықты  үлкен  болса,  өмір  де  соншалықты  қуанышты

             және тамаша  болмақ.

                  Өлеңді тыңда.

                        Еркелесем күлімдейтін,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                        Ұрысқаны білінбейтін.

                        Маңдайымнан иіскеп менің:
                        «Құлыншағым, күнім!» дейтін.
                        Әлемдегі ақылды адам,

                        Бәрінен сол жақын маған!
                        Ол жанымда жүрсе, мен де

                        Батырларша батылданам.
                        Жамандықтан сақтандырып,
                        Жақсы ісімді мақтан қылып.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                        Ақ мамамды мен әрқашан
                        Жүрсем деймін шаттандырып.

                                                   (Ф. Оңғарсынова)

                 Альбомға өз анаңа арнап гүлдің суретін сал. «Ана» сөзіне сәйкес
             әдемі сөздерді таңда.
                 Альбомға анаңның портретін немесе оның мейірімге толы көзінің
             суретін сал. Өз анаң туралы айтып бер.
                 Сұрақтар бойынша өз анаңның портретін құра.
             Анаң не істегенді жақсы көреді?
             Ол бәрінен де неге қатты қуанады? Ол бәрінен де неге қатты ренжиді?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             Ол сені неге үйретеді?
             Ол саған туған күніңде және мерекелерде не сыйлайды?


             44
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51