Page 49 - 2.5.1
P. 49
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Біз біртұтас отбасымыз special-edu.kz.
Тыңда.
Отбасы – әр адам өміріндегі ең басты нәрсе. Біз отбасында
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бір-бірімізді жақсы көруге, түсінуге, жақындарымызға қамқор
болуға, үлкендерді сыйлауға үйренеміз. Туысқандар сені
әрқашан да қолдайды және көмектеседі. Отбасының барлық
мүшелері сенің жетістігіңе қуанады, ал егер саған қиын болса,
онда көмектеседі. Сенің жалғыз емес екеніңді сезіну қандай
маңызды десеңші!
Тыңда.
Отбасы дегеніміз – бір-біріне қамқор болу, көмектесу.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Отбасы – бұл үйдегі таусылмайтын жұмыс.
Отбасы болу – бұл өте маңызды және күрделі іс!
Алайда жалғыз адам бақытты болуы мүмкін емес. Адамдар
бір-бірімен тату-тәтті өмір сүргенде, отбасында ренжісу
болмағанда өздерін бақытты сезінеді. Әр баланың бақытты
отбасында өмір сүруге құқығы бар.
Сен өз анаңа қандай қамқорлық көрсетесің?
Сенің туысқандарың бақытты болу үшін сен не істей аласың?
Анаңды, әкеңді, әжеңді, атаңды, әпкеңді, ағаңды еркелетіп ата.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Тыңда.
Әжем
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
(С. Оспанов)
47