Page 68 - 2.5.1
P. 68

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                 Жаз мезгіліндегі үй жануарлары                                  special-edu.kz.
                                          мен жабайы жануарлар


                     Тыңда.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                  Жазда  үй  жануарлары  жайылымда  жайылады,  көк  шөп
             жейді. Бұзау, құлындар өсіп, сиырлармен және жылқылармен
             бірге жайылады.

                  Орманда  аңдардың,  құстардың  дауыстарынан  айғай-
             шу.  Жабайы  аңдар  баспана  салады,  балаларын  өсіреді  және
             өздеріне  қорек  іздейді.  Жазда  жануарлар  үшін  азық  көп.
             Кейбір  жануарлар  алдағы  қысқа  май  жинай  бастайды.

             Балалары  өсіп,  өздері  де  қорек  іздеуге  шығады.  Құстардың
             балапандарының да қанаттары  бекиді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                     Адамдар жазда үй жануарларын қалай асырайды?
                     Жабайы жануарлар жазда қалай өмір сүреді?
                     Құстар жазда не істейді?

                         Суреттерге қара. Жаз мезгіліндегі үй жануарлары мен жабайы
                     жануарлардың өмірлері туралы айтып бер.









                                                                                                 special-edu.kz.
                                           special-edu.kz.
 special-edu.kz.               Тыңда. Жаздағы жануарлардың өмірі туралы айтып бер.






                Жаздың  қатты  ыстық  күні  еді.    Соқпақ  бойымен  бұзауын
             ерткен бұғы, жанында мыршайы бар түлкі келе жатыр. Ағаш-
             тан-ағашқа секірген тиін «қалып қоймады ма?» деп артындағы
             баласын  іздейді.  Ағаштың  астында  көжектерімен  бірге  қоян

             ана  да  келе  жатыр.  Алыстан  өзен  жағасында  қонжықтары
             асыр  салып  ойнап  жүрген  аю  көрінеді.  Аңдардың  барлығы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             өзен жағасына су ішуге келді. Олар бір-біріне тиіспеді, себебі

             барлығы да ыстықта қатты шөлдеген еді.


             66
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73