Page 73 - 2.5.1
P. 73

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                    Қазақстан Республикасы                                       special-edu.kz.


                Тыңда.

             Біздің  Отанымыз  –  Қазақстан  Республикасы.  Отан  –  бұл
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        сен  үшін  ең  керемет  жер.  Әр  адамның  өз    Отаны  болады.  Ол
        өзінің  туған  жерін  жақсы  көреді.  Біздің  еліміздің  астанасы  –
        Нұр-Сұлтан қаласы. Нұр-Сұлтан – Орталық Қазақстандағы жас,
        әдемі  қала.  Нұр-Сұлтан  қаласында  еліміздің  тарихи  маңызды

        ғимараттары:  Ақ  Орда,  Бәйтерек  орналасқан.  Қазақтар
        Бәйтеректі «өмір ағашы» деп атаған. Аңыз бойынша бұл ағашқа
        Самұрық құс ұя салған. Бұл ұяда алтын жұмыртқа – Күн жатыр.
        Самұрық  құс  міндетті  түрде  ұшып  келеді  және  қанатымен
        барлық адамдарға бақыт әкеледі.
             Ақ  Ордада  еліміздің  Президенті  жұмыс  істейді.  Нұрсұлтан
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        Әбішұлы  Назарбаев  –  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш

        Президенті. Біздің еліміздің әр азаматы өз Отанының астанасын,
        Президенттің аты мен тегін білуге міндетті.

                    Біздің Отанымыздың астанасы қалай аталады?
                Қазақстан Республикасы Президентінің аты-жөні кім?
                    Біздің еліміздің тарихи маңызды ғимараттарын ата.
                Суреттен Ақ Орда мен Бәйтеректі көрсет.





 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.











            Біздің еліміздің маңызды ғимараттары туралы айт.

             «Бәйтерек» деген не?
             Ақ Ордада кім жұмыс істейді?
             Өлеңді оқы. Бәйтерек туралы айтып бер.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                                                                Болды елдегі бас қала –
             Жайнап өсті астана
                                                                «Ақ Ордасы» асқақтап.
             «Бәйтерегі» көк тіреп.

                                                                                                        71
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78