Page 133 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 133

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.


                    14. Мәтінді оқы. Тасымал ережесін есіңе түсір. Аққала, денеміз,
                сырғанақ деген сөздерді тап. Осы сөздерді тасымалда.


             Алғашқы қар жауды. Балалармен жиналып аққала жасауға
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        кірістік. Түске қарай Күн көзі шыққандай болды да, аққаламыз

        тез-ақ еріп кетті. «Жарайды, Жаңа жылда көп қар жаусын», – де-
        дік. Әкеме біраз қар күреуге көмектестім. Әбден қатқан мұз үс-
        тінде сырғанақ тептік. Балалармен қар лақтырысып ойнадық.

        Соңында денеміз қызып, шуласып үйге қайттық.


                     15. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерді тап. Сол сөздерді

                буынға бөліп жаз.

             Әлихан жыл сайын оқу үздігі
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        атанып жүр. Ол спортқа да бел-
        сенді. Алғаш спорт үйірмесіне ата-
        сы ертіп апарған. Былтыр күрестен

        аудандық, облыстық жарыстарда
        алдыңғы орындарды иеленді. Ал

        футболға жанкүйер. Әлихан ше-
        телдің командаларын, футболшы-
        ларын жатқа біледі. Олардың же-

        ңістері мен жеңілістерін сараптауға
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        да шебер-ақ.

                                                                           («Айгөлек» журналынан.)




                    16. Өлеңді мәнерлеп оқы.


             Ақ мамыққа оранды –                             Жылт-жылт еткен аппақ қар,

             Талдар менен шыршалар.                          Қыста әбден шыныққан.
             Қыс келді деп қуанып,                           Шана, коньки, шаңғымен

             Шықты ойынға балалар.
                                                             Біз тоңбаймыз суықтан.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.




                                                                                                      131
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138