Page 138 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 138
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
11. Мәтінді оқы. Сен жазғы демалысыңды қалай өткізесің?
Әңгімеле.
Менің атым – Нұрбол. Мен 9 жастамын. Жаз – менің сүйікті
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жыл мезгілім. Ерте тұрмайсың, мектепке бармайсың. Мен биыл
жазда лагерьде демалдым. Онда өте қызық, көңілді болды. Мен
көп жаңа достар таптым, денсаулығымды шынықтырдым.
12. Сұрақтарды оқы, жауап бер. Бұл кім?
1. Ол футбол ойнайды.
2. Ол суда жүзеді.
3. Ол допты биік шеңберге лақтырады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4. Ол хоккей ойнайды.
5. Ол би билейді.
13. Өлеңді мәнерлеп оқы. Шахмат ойыны туралы білесің бе?
Шахмат
Інім көп ойнайды
Менімен шахмат.
Жеңем деп қоймайды,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ойлайды жатып ап.
Кейде «аты» тұралап
Қоршауда қалады.
Ондайда, сірә да,
Інім мат алады.
Кіжініп сонда аса
Дейді ол батыл-ақ:
– Жеңер ем,
Болмаса
«Аттарым» ақымақ.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
(А. Асылбеков)
136