Page 57 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 57
special.edu.kz.
special.edu.kz.
13. Мәтінді түсініп оқы. Әңгімелеп бер. special.edu.kz.
Екі дос
Серік пен Берік тату дос. Олар үйлеріне келсе, Беріктің әкесі
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
баласын тосып отыр екен.
– Кел, балам, – деді жұмысқа қамданып. – Күннің ашық кезін-
де бітіріп алайық. Шешең дәрігерге кетіп еді. Қап, кірпіш әперіп
тұратын бір адамның жоғын қарашы!.. Әзірше өзіміз амалдай
тұрайық!
– Кірпіш әперетін кісі бар, әне, – деді Берік қасындағы баланы
нұсқап, – мына Серік көмектеседі.
Абдолла ағай Серікке қарады.
– Мен көмектесейін, – деді Серік өз ниетін білдіріп.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– О, міне, азамат! – деп қуанды Абдолла ағай. – Достар осын-
дай болады! Рақмет!
14. Өлеңді мәнерлеп оқы. Сен досың үшін не істейсің? Әңгімеле.
Досым артық өзімнен
Өзім жиі сезінем –
Досым артық өзімнен!
Көріспесек екі күн,
special.edu.kz.
special.edu.kz. Күтем дереу жетуін. special.edu.kz.
Сөзде берік тұрады,
Айтқан жерден шығады.
Аянбайды ауырдан,
Аямайды бауырдан.
Қалмайыншы легінен,
Сонда дұрыс көрінем!
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
55