Page 59 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 59
special.edu.kz.
special.edu.kz.
3. Тапсырманы оқы. Берілген сандарды сөзбен жаз. special.edu.kz.
Бір бұтақта 5 торғай отыр еді, оларға тағы 2 торғай келіп қон-
ды. Барлығы 7 торғай болды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4. Сөйлемдерді оқы.
Біздің сыныпта ... оқушы бар. Сыныпқа ... парта қойылған. Сы-
ныпта ... шкаф тұр. Оның ... сөресі бар.
Көп нүктенің орнына заттың санын білдіретін сөздерді қойып жаз.
5. Сөздерді оқы.
Бес, келді, сегіз, қырау, елу, бір, төрт, наурыз, торғай.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сөздерді оқып, заттың санын білдіретін сөздерді теріп жаз.
6. Санамақты оқы. Шешуін тап.
Санамақ
Бір үйде біз
Нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым – атам,
special.edu.kz. Балаң үйрек – апам, special.edu.kz.
special.edu.kz.
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
7. Заттың санын білдіретін сөздерді сөзбен жаз.
1. Ат жарысында Жалғастың аты 1 келді. 2. Әкем мен ағала-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
рым көл жағасына 12 қанат киіз үй тікті. 3. Асқар 5 үй, 16 пәтерде
тұрады. 4. Сыныптан спорттық жарысқа 7 оқушы қатысты.
57