Page 69 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 69
special.edu.kz.
special.edu.kz.
20. Өлеңді мәнерлеп оқы. Сын есімдерді көшіріп жаз. special.edu.kz.
Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,
special.edu.kz.
special.edu.kz. Сәулесі суда дірілдеп. special.edu.kz.
Ауылдың жаны – терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жері жүзі...
(Абай)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
21. Мәтінді түсініп оқы. Сын есімдерді тауып көшіріп жаз.
Жапалақ орманда мекендейді. Оның басы үлкен, көзі бады-
райған. Қауырсындары өте жұмсақ. Жапалақ өз жемін түнде ау-
лайды. Оның көзі қараңғыда жақсы көреді. Күн сәулесі оның көзі-
не жайсыз тиеді. Сондықтан олар күндіз тығылып жатады. Оның
құлағы да жақсы естиді. Құлағы алыстағы тышқанның жүрген ды-
бысын естіп қояды.
(«Жыл он екі ай» журналынан.)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
22. Мәтінді түсініп оқы. Сын есімдерді көшіріп жаз.
Інім екеуміз жол жағалап келеміз. Кенет шық-шық еткен дыбыс
естілді. Біз дыбыс шыққан жерге жақындадық. Бұл қанатымен
қар сабалаған кішкентай бөдене екен. Мен оны қатты аяп кеттім.
Бөденені үйге әкелдім. Оның оң қанаты сыныпты. Оны жақсылап
таңып қойдық. Бөдене күннен-күнге оңала бастады.
Көктемге дейін үйде асырадық. Күн әбден жылынған соң, оны
ұшырып жібердік.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
(«Балдырған» журналынан.)
67