Page 76 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 76
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
8. Мәтінді көшіріп жаз. Заттың санын білдіретін сөздерді тауып сұрақ
қой. Сол сөздердің астын сыз.
Ауылда бәйге жарыс болды. Бәйгеге он бес жылқы қатысты.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қайраттың атасы қосқан ат мәреге екінші болып келді. Бірінші,
екінші келген ат иелеріне сыйлық берілді.
9. Сөздерді оқы. Нені білдіреді? Әдепті баланың сынын білдіретін сөз-
дерді тап. «Әдепті бала» деген жолға жаз. Әдепсіз баланың сынын біл-
діретін сөздерді тап. «Әдепсіз бала» деген жолға жаз.
Ізетті, ақылсыз, сыпайы, тәртіпсіз, ибалы, салақ, ақылды,
жалқау, білімді, өсекшіл, тәртіпті, өтірікші, ұқыпты, мақтаншақ,
еңбекқор, еріншек.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әдепті бала – ... , ... , ... .
Әдепсіз бала – ... , ... , ... .
10. Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып жаз.
1. Қазақстанның табиғаты өте әдемі. 2. Қанаттың отбасы мейі-
рімді. 3. Раушан апай өте еңбекқор адам. 4. Алатау тауы биік.
5. Менің інім ерке бала. 6. Балқаш көлінің суы жылы. 7. Санат үл-
гілі оқушы. 8. Біздің мектеп үлкен.
special.edu.kz.
special.edu.kz. 11. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып бер. Заттың қимылын білдіретін
special.edu.kz.
сөздерді тауып жаз.
Таңертең дала ақ тон жамылған сияқты. Осындай күні балалар
асыр салып ойнайды. Бірі шанамен сырғанайды, бірі аққала жа-
сайды. Қыста ойналатын ойындар көп.
Желтоқсан қыстың бірінші айы. Жаңа жылда балалар шыр-
ша безендіреді. Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алады. Бір-біріне
жылы тілек айтып, түрлі сыйлықтар береді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
74