Page 78 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 78
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сөйлем. Сөз өзгерту special.edu.kz.
1. Мәтінді оқы.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бүгін мұғалім саяхатқа шығатынымызды айтты. Оған арнайы
дайындық тобы құрылды. Оқушыларға алдымен саяхатқа шыға-
тын орынды белгілеп, сол туралы мәлімет жинақтау тапсырылды.
Барлық оқушылар бірауыздан Қазақстан қалаларына саяхатқа
шығуды ұсындық.
Саяхат сөзін қалай түсінесің? Сенің қай жерге саяхатқа барғың ке-
леді? Қарамен жазылған сөздерді жекеше, көпше түрде жаз.
special.edu.kz.
special.edu.kz. 2. Өлеңді мәнерлеп оқы, мазмұнын түсіндір. Көшіріп жаз.
special.edu.kz.
Достық
Ортақ мекен – Жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
special.edu.kz. Бақытты өмір сүреміз. special.edu.kz.
special.edu.kz.
(Е. Елубаев)
3. Мәтінді оқы.
Біз табиғатты сүйеміз. Табиғат деген шалғын шөп, орман, өзен,
көл, тау. Оны қорғап, сақтауымыз керек. Серуенге барғанда де-
малған жерімізді ластамай, таза сақтаймыз.
Үлгі: орман – ормандар, ... .
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қарамен жазылған сөздерге -лар, -лер, -дар, -дер қосымшаларын
қойып жаз.
76