Page 102 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 102
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Наурызкөже қашан, қалай жасалады? special.edu.kz.
«Наурыз тойының» басты мақсаты – халыққа молшылық, тоқ-
шылық тілеу. Көктемнің алғашқы айында халқымыз Наурыз ме-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
рекесін тойлайды. Қысқы суықтан аман-есен шыққан халқымыз
көктем мерекесін асыға күтеді. Наурыз мерекесінің ерекше таға-
мының бірі – наурызкөже. Наурызкөженің ұлттық маңызы өте
зор. Ол баршаны мейірімділікке, бірлікке, татулыққа шақыра-
ды. Сол үшін де Наурызкөже беретін үйлер қазан-қазан көже
жасайды. Наурызкөжеге шақырылған барлық адамдар тойып
ішуі керек.
Наурызкөже жеті түрлі заттан жасалады. Ол: бидай, тары, ет,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тұз, сүт, қамыр, су. Наурызкөжеге арнап соғымның етін сақтайды.
Соғымның қыстағы етті сүйегінен сорпа қайнатады. Содан соң
сорпаға құрт езіп қосады. Мұндай көженің дәмі тіл үйіреді.
(«Шашу» журналы қоржынынан.)
наурыз мерекесі – наурыз айында тойланатын мейрам
наурызкөже – наурыз мейрамында жасалатын тағам
дәмі тіл үйіреді – өте дәмді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Наурыз жылдың қай мезгілінде болады?
2. Наурыз қандай мейрам?
3. Наурыз мейрамының қандай салт-дәстүрлерін білесің?
4. Наурыздың ерекше тағамы қалай аталады?
5. Наурызкөжеге не қосады?
6. Наурызкөжені ішіп көрдің бе?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
100