Page 98 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 98

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                                        Туған күн                                special.edu.kz.


                 – Әже, сіздің туған күніңіз қашан? – деп сұрады Бекболат. Би-
             кен әжей қарқылдап күліп алды да:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Ол жағын қайдан білейін, қарағым. Дүниеге сендердің жа-

             зу-сызуларыңнан бұрын келдік қой, – деді.

                 – Әже, онда сіздің туған күніңіз сегізінші наурыз болсын, – деді
             Бекболат.
                 – Ол жағын өзің біл, қарағым. Әжеңнің туған күнінің билігі сенің

             қолыңда. Кел, шай ішейік, – деді Бикен әжей. Бекболаттың сөзіне

             мән бермей.
                 Сегізінші наурыз күні кешкісін Бекболаттың достары Серік, Ал-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             мажан, Айгүл, Болат сыйлықтарын құшақтап әжейдің үйіне келді.
             Бикен әжей қамзолын сипалай берді. Келгендерге көзін сығырай-

             та қарады да:
                 – Әй, Бекболат, сен болмағанда осындай бақытты күндерді
             көрер ме едім! – деп көзіне жас алды. Сол күннен бастап Бикен

             әжейдің туған күні сегізінші наурыз деп саналды.

                                                                                         (Р. Әбілқадырова)



                     мән бермей – елемей
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                     билігі сенің қолыңда – өзің шеш




                      1. Бекболат әжесіне қандай сұрақ қойды?
                      2. Әжесі не деп жауап берді?
                 3. Бекболат әжесінің туған күнін наурыздың нешесі болсын деп ұсыныс
                 айтты? Оған әжесі не деді?
                 4. Әжейді құттықтауға кешкісін кімдер келді?

                 5. Бекболаттың әжесі балаларға риза болды ма?
                 6. Неліктен мәтін «Туған күн» деп аталған?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.






             96
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103