Page 96 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 96
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қыздардың күні special.edu.kz.
Көктем мерекесі қызық болды. Төрт жастағы Тұмаржан
дастарқан жасайын десе де, әкесі Әлмен оны отырғызып қойып:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Тұмаржан, бүгін қыздардың күні. Саған, мамаңа, әжеңе, әп-
кеңе гүл, сыйлық әкелдім, – деп, әкесі оған гүл ұсынды. – Бүгін
ерте тұрып, асты да өзім даярладым, – деді.
Алғаш сыйға гүл алған қыз қуанғанынан төргі бөлмеде отырған
атасына келіп:
– Ата, міне, маған гүл сыйлады, – деп мақтанып.
– Сыйлыққа ие болғаныңнан айналайын, – деп, атасы Тұмаржан-
ның маңдайынан сүйді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Ата, әкем неге сізге гүл берген жоқ? – деді немересі.
– Ботам-ау, бүгін қыздардың күні ғой. Көктем мерекесінде гүл
тек қыздарға ғана сыйланады, – деп күлді атасы.
– Ата, әжем мен анам қыз емес қой, – деді немересі.
– Ботам-ау, олар да қыз болған. Қыздардың күнінде әжеге,
анаға гүл сыйлыққа ұсынылады, – деп, атасы немересін мереке
күнімен құттықтады.
– Ата, сіз де бізге сыйлыққа гүл бересіз бе? – деді немересі.
– Бүгін баламыз екеуміз келісіп, сыйлықты бірлесіп ұсынып
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
отырмыз, – деді атасы.
– Онда сіздерге рақмет, ата, – деп масаттанған немере атасын
құшақтап сүйді де, әжесі мен анасын құттықтауға кетті.
– Қыздар күні құтты болсын!
(Ә. Табылды)
масаттанған – қуанған
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Тұмаржан неше жаста?
2. Әкесі Тұмаржанға не сыйлады?
94