Page 92 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 92

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                                    Ақ кептерлер                                 special.edu.kz.


                 – Таста қолыңдағы тасты!
                 Арт жағынан шыққан дауыстың өзіне айтылғанын білді де,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             Жапақ жалт қарады. Анандай жерде келе жатқан Сейілбекті
             көрді. Бұл маңайда одан басқа ешкім көзіне көрінбеді. Жапақ

             қолындағы тасты кептерлерге лақтырып үлгермегеніне өкінді.
             Амалсыздан тасты жерге тастады.

                 Ауылдағы балалардың бәрі Сейілбектен сескенеді. Бұларға
             қиянаты болмаса да, өз достарының «атаманы». Балалар сыр-

             тынан солай тон пішіп қойған. Мектептегі бокс үйірмесіне қа-
             тысқалы атақ-абыройдың өзі былғары қолғаппен ілесе келді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Сейілбек Жапақтың жанына жақындап:
                 – Кептерлердің кінәсі не? – деді ашуланып. Жапақта үн жоқ.

                 – Обал емес пе?
                 Екі ақ кептер аспанда қалықтады. Бір орнында тұрып қанатта-

             рын қағып өнерлерін Сейілбекке көрсеткендей болды.

                                                                                           (Ж. Әбдірейұлы)



                     сескенеді – қорқады

                     атаманы – басқарушы адам
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                     тон пішіп қойған – сайлап қойған



                      1. Жапақ кімнің дауысын естіп артына қарады?
                      2. Қолында не болды?
                 3. Ол тасты неге лақтырмақ болды?
                 4. Балалар неге Сейілбектен сескенетін?
                 5. Сейілбек Жапаққа не деді?
                 6. Неліктен мәтін «Ақ кептерлер» деп аталған?


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.






             90
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97