Page 90 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 90
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Көктем сәні special.edu.kz.
Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайған-
дікі ма, аң патшасы арыстан ғана кешеуілдеп тұрды. Керілді, со-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
зылды, айналаға көз салды. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп
сала берді.
– Жар салдыр,– деді жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын.
Арыстан үйшігінің алдына аң біткен жиналды.
– Бәріңе бір сұрақ беремін,– деді арыстан жиналғандарға жаға-
лай қарап алып:
– «Көктем сәні» деген не?
– Жасыл көйлек, – деді ақбөкен.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Тоғай, – деді қоян.
– Дала, – деді шошқа.
– Салқын самал, – деді түлкі.
– Еңбек, – деді піл.
– Шалқыған көңіл, – деді аю.
– Шаттық, – деді керік.
– Күлкі, – деді борсық.
– Жігер, – деді қодас.
– Шуақ, – деді саршұнақ.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Аңдар айтып біттік дегендей іркіліп қалды. Арыстан оқты көзін
үнсіз отырған елікке қадады.
– Сен неге үндемейсің?
Елік лып етіп орнынан тұрды да, арыстанның алдына келіп:
– Тақсыр, мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктемнің
сәні – осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қоссақ, көк-
темнің сәні шығады.
Еліктің сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді та-
расты.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
(Б. Әділов)
88