Page 86 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 86

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                                  Табиғатты қорға                                special.edu.kz.


                 Көктем  кезі  болатын.  Қалың  орман  арасынан  үш  бала  шыға
             келді. Қолдарында бірнеше үйрек, шелек толған жұмыртқа бар.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             Табиғат аралап жүрген қорықшы бұларға қарсы кездесті.

                 – Табыстарың мол екен, сірә, тұзақ құрғансыңдар-ау, – деді қо-

             рықшы оларды тоқтатып.
                 Олар мақтанған қалыппен бас изеді.
                 – Мына жұмыртқаларды да сол ұялардан жинадыңдар ғой, –

             деді ол қатаң үнмен.

                 Қателіктерін сезінген балаларда үн жоқ.
                 – Кәне, неше үйрек ұстадыңдар?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Тоғыз, – деді кішкене сары бала.
                 – Сендер бұл күнде табиғатқа  қанша  зиян келтіргендеріңді

             білесіңдер ме? Тоғыз үйректің тоқсанға жуық жұмыртқасын ал-
             дыңдар. Бәрін қосқанда жүзге жуық құсты өлтірдіңдер. Егер олар
             тірі қалса, екі-үш жылда қанша болар еді? – деді балаларға.

                 Табиғатқа осыншама зиян келтіргендерін түсінген балалар қат-

             ты ұялды. Кешірім сұрап, екінші мұндай жасамайтындарын айтты.

                                                                                        (Қ. Аймағамбетов)

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                     қорықшы – табиғатты қорғайтын адам




                      1. Жылдың қай мезгілі еді? Балалар қайдан келе жатты?
                      2. Неше бала? Олардың қолдарында не бар еді?
                 3. Балалар жолдан кімді кездестірді?
                 4. Қорықшы оларды тоқтатып не сұрады?
                 5. Балалар неше үйрек ұстады?
                 6. Шелектерінде қанша жұмыртқа болды?
                 7. Оларға қорықшы нені түсіндірді? Балалар қателіктерін түсінді ме?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 8. Неліктен мәтін «Табиғатты қорға» деп аталған?





             84
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91