Page 84 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 84

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                              Қарлығаштың қасиеті                                special.edu.kz.

                 Біздің қораға қарлығаш ұя салды. Мен оны сырттай бақылап

             жүрдім. Бірде жерге нан қиқымын шаштым. Қарлығаш қиқымды
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             балапандарының  аузына  апарып  салды.  Балапандары  анасына

             аузын ашып, қатар ұмтылады. Қарлығаштай балажан құсты мен
             көрмедім. Күніне мың рет балапандарын тамақтандырады.

                 Бір күні мынадай оқиға болды. Біз отбасымызбен ұяның астын-
             да жұмыс жасап отырғанбыз. Қарлығаш балапандарына тамақ та-

             сып жүр. Барлық балапан ауыздарын ашып, анасына қарап отыр-
             ған. Кенет біреуі құйрығын беріп, сап-сары саңғырығын шығара

             беріп еді, анасы жерге түсірмей қағып алды. Сыртқа ұшып кетті.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                        (Ғ. Сайран)
                                                                                                 special.edu.kz.
                 Біз аң-таң қалдық. Бұл сонда ұя лас болмасын дегені ме? Әлде
             адамдардың басына түсіп, үстін бүлдіреді дегені ме екен?
                 Шіркін, табиғаттың тылсым құпиясы-ай десеңші!







                     қиқым – ұнтақ
                     балажан – баласын жақсы көреді

                 саңғырығын – нәжісін
                 лас – кір
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 тылсым – белгісіз
                 құпия – ешкім білмейтін сыр




                      1. Қарлығаш ұясын қайда салды?
                      2. Ол қандай құс?
                 3. Қарлығаш балапандарын қалай тамақтандырады?
                 4. Ол балапандарын қанша рет тамақтандырады?
                 5. Бірде қандай оқиға болды?

                 6. Қарлығаштың қандай пайдасы бар?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 7. Мәтін неліктен «Қарлығаштың қасиеті» деп аталған?





             82
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89