Page 82 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 82
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Тиін special.edu.kz.
Тиіннің мінезі қызық. Күннің жылы мезгілінде тиіндер жеке-
жеке жүреді. Олар ұяларын ағаштардың қуысына салады. Әрқай-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сысы өз ұяларында өмір сүреді. Біреуінің ұясына біреуі байқамай
кіріп кетсе, оны түйгіштеп қуып шығады.
Ал, суық түскен кезде тиіннің мінезі өзгереді. Олар жеке тұрып
суыққа төзе алмайтындарын сезеді. Сондықтан топталып жүреді.
Тиіндер суық түндерде бес-алтыдан бірігіп, бір ұяда болады.
Бір-біріне тығылып жатады. Ұяның аузын шөппен бітеп тастайды.
Сыртта алай-дүлей боран соғып тұрады. Ал тиіндер тып-тыныш
жата береді. («Ол кім? Бұл не?» кітабынан.)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
түйгіштеп – ұрып
төзе алмайды – шыдамайды
1. Тиінді көргендерің бар ма?
2. Күн жылыда тиіндердің тіршілігі қандай?
3. Олар ұяларын қайда салады?
4. Ұясына басқа тиін кіріп кетсе не істейді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
5. Тиіндердің мінезі қандай?
6. Қыста тиіндер қалай өмір сүреді?
7. Олар суық түскенде қалай топтасады?
8. Мәтін неліктен «Тиін» деп аталған?
Тиіндерді көргендерің бар ма? Олар ұяларын қайда салады? Өз
сөзіңмен айт.
Мәтіннен тауып оқы. Тиіннің жазғы тіршілігі. Тиіннің қысқы тіршілігі.
Тиіндердің тіршілігі туралы не білдің? Неліктен қыста тиіндердің мінезі
өзгереді? Мәтінді әңгімеле.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
80