Page 80 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 80

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                                Кімнің тоны жылы?                                special.edu.kz.


                 Таңертеңгі Күннің шуағы молайған шақта Жазира сыртқа
             шықты. Атасы жабық қораға қамалған қойды, сиыр мен жылқы-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ны ашық қораның астына байлап, маяның етегінен ашамен шан-

             шып алған шөпті алдыларына салып жүр екен. Қойлар науа толы

             туралған шөптен бас алмайды. Сиырлар үлкен шұңғыл науадағы
             шөпті жеп жатыр. Ешқайсысының суыққа тоңып, бүріскен түрлері
             байқалмайды. Жазира: «Бұлар түнгі аязға тоңбаған сияқты ғой»,–

             деп ойлады. Сонда өзі тоңған кезде оранып алса, лезде жылынып

             шыға келетін атасының ішігі есіне түсті. Малдар да тон киіп алған
             сияқты көрінді. Сиыр мен жылқының түгі тығыз. Қой терісінің жүні
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             қалың. Жылы шығар? Мұның сырын атасынан сұрады.
                 – Ата, мына малдардың қайсысының тоны жылы?

                 – Меніңше, ең жылы тон қойдікі болар. Сен қалай ойлайсың?
                 – Мен де солай шығар деп ойлаймын. Өйткені қойдың терісінен
             тігілген сіздің тоныңыз да ыстық қой...


                                                                                              (Қ. Толыбаев)



                     мая – үйіліп тұрған шөп
                     шұңғыл – терең
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 ішік – тон
                 түгі – жүні




                      1. Жазира таңертең далаға шыққанда атасы не істеп жүр екен?
                      2. Далада жылдың қай мезгілі еді?
                 3. Атасы қора жақта не істеп жүрді?
                 4. Қорада қандай малдар бар болды?
                 5. Малдарды көріп Жазира не ойлады?
                 6. Жазира атасына қандай сұрақ қойды?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 7. Атасы қалай жауап берді?
                 8. Неліктен мәтін «Кімнің тоны жылы?» деп аталған?



             78
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85