Page 78 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 78

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                                          Қайтпай қалған қарлығаш                                special.edu.kz.


                 Асан ерте тұрып, терезенің  пердесін ысырды да, сыртқа көз
             жіберді. Айнала аппақ қар. Күрек алайын деп қораға кірді. Есік
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             маңдайшасында бүрісіп отырған қарлығашқа көзі түсті. Жаңылыс

             көрдім бе деп көзін уқалап қайта қарады. Өзі асыраған қарлығаш.

             Атасы  кигізген  сақинадан  таныды.  Бұл  жайды  атасына  айтуға
             асықты. Үйге жүгіріп келді де:
                 – Ата, біздің қарлығаш жылы жаққа қайтпай қалыпты. Қорада

             отыр. Қатты тоңыпты, – деді. Қанатынан жараланған қарлығаш

             ұша алмағандықтан қалып қойыпты.
                 Оны үйде күтіп асырауға тура келді. Қарлығаш оңай үйрене
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             қоймаған соң, атасы темір тор жасап, алдына нанның қиқымын,
             тары, су қойды. Сөйтіп, Асан өзінің кішкене досын қыстан аман

             алып шықты. Көктем шығып, құстар келе бастаған мезгілде Асан
             атасы екеуі қарлығашты ұшырып жіберді. Қарлығаш жер бауыр-
             лай ұшып үйді екі айналды да, биікке самғай көтерілді. Асан қар-

             лығаш ұзап кеткенше қарап тұрды.

                                                                                          (Т. Тойбазарұлы)




                     есік маңдайшасында – есіктің жоғарғы жағында
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                     жаңылыс – шатасып
                     нанның қиқымын – нанның ұнтағын




                      1. Асан ерте тұрып не істеді? Жылдың қай мезгілі еді?
                      2. Ол қораға не үшін барды?
                 3. Асан қорадан нені көрді?
                 4. Үйге не үшін асықты?
                 5. Қарлығаш не үшін жылы жаққа ұшпай қалған?

                 6. Асан қарлығашты қалай асырады? Атасы не жасап берді?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 7. Көктем шыққанда Асан мен атасы қарлығашты не істеді?
                 8. Қарлығаш көкке қалай ұшты?
                 9. Неліктен мәтін «Қайтпай қалған қарлығаш» деп аталған?

             76
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83