Page 88 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 88
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жаңа достар special.edu.kz.
Аулада бірге ойнайтын Мәдина маған үйіндегі асыранды хай-
уанаттарын көрсетті. Солардың ішіндегі әдемі ақ көжекке қат-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ты қызықтым. Көжек көк жоңышқа мен сәбіз жейді екен. Үнемі
жан-жағына жалтақтап қарай береді. Менің де қоян асырағым
келді. Оны әкеме айттым. Әкем:
– Үй жануарларын асырағаның жақсы. Тек күтімін келтіре ала-
сың ба? – деп сұрады. Мен:
– Үй жануарларын жақсы көремін, – деп қуанышымды жасыра
алмадым. Ертеңгісін әкеммен хайуанаттар дүкеніне бардық.
Дүкенге кірген бойда қоян мен аквариумдегі қызыл балықтарға
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қарадым. Таңдап жүріп көжек пен аквариумдегі балықты сатып
алдық. Үйге әкеліп, көжектің алдына сәбіз бен жоңышқа, су қой-
дым. Аквариумдегі суды ауыстырдым. Уақытымен жемін салып
отырдым. Көжегім қаңтардағы жаңа жауған қардай жүні үлпілдеп
өсіп келеді. Маған үй жануарларын асырау ұнайды.
(Ж. Архарова)
жоңышқа – шөп
ертеңгісін – таңертең
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
аквариум – балық асырайтын шыны ыдыс
1. Мәдина үйінде қандай жануарларды асырады?
2. Үй жануарларын немен қоректендірді?
3. Көжегінің түсі қандай?
4. Бала әкесінен не асырағысы келетінін айтты?
5. Таңертең хайуанаттар дүкенінен әкесі не әперді?
6. Бала көжек пен балығын қалай асырады?
7. Көжегінің түсі қандай?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
86