Page 94 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 94
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Құстың ұясы special.edu.kz.
Саян таңертең ерте тұрды. Таңғы асын ішіп, аулаға шықты. Да-
ла қандай тамаша! Аспанда Күн жарқырап тұр. Көрші тұратын
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
достарының біреуі көрінбейді. Ол ойыншықтарын далаға алып
шықты. Жалғыз өзі отырып ойнай бастады.
Кенет бақ жақтан шырылдаған құстың дауысы естілді. Саян
ойыншықтарын тастай сала баққа жүгірді. Қараса, торғайдың
ұясы жерге құлап кетіпті. Ұяның ішінде кіп-кішкентай үш балапан
жатыр. Өздері «шиқ-шиқ» етеді. Торғай шырылдап ұясын айналып
ұшып жүр. Саян үйдегі әпкесі Сәулеге жүгірді.
– Сәуле, жүрші тез баққа. Торғайдың ұясы жерге құлап кетіпті.
Ұяны орнына қояйық. Менің жалғыз шамам келмейді, – деді Саян
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
асыға сөйлеп.
Сәуле мен Саян баққа келді.
– Саян, сен бірінші ағашқа шық. Сосын мен саған ұяны берейін.
Абайлап орнына қой, – деді Сәуле.
Екеуі бірлесіп ұяны орнына қойды. Осы кезде кішкентай торғай
шырылдауын қойып, Сәуле мен Саянды айналып ұшты да, ұясына
қонды.
(А. Т. Мусина)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Саян таңертең ерте тұрып не істеді?
2. Ол ойыншықтарын алып қайда шықты?
3. Бақ жақтан ненің дауысы естілді? Ол қайда жүгіріп барды?
4. Торғайдың ұясы қайда құлап кетіпті? Ұяда неше балапан бар?
5. Саян кімнен көмек сұрады?
6. Балалар балапандарға қалай көмектесті?
7. Неліктен мәтін «Құстың ұясы» деп аталған?
Құстар ұяларын қайда жасайды? Қандай құстарды білесің? Ата.
Қыс мезгілінде қыстап қалатын құстарға қандай көмек көрсетесің?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Балалалар балапандарға қалай көмектесті? Мәтіннен тауып оқы.
Олардың орнында болсаң не істер едің?
92